Академиялық дәреже: Информатика білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6B01503 – «Информатика».
Таңдау пәндері: Математика / Информатика.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Информатика» білім беру бағдарламасы ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, цифрлық жүйелер және білім беру саласында заманауи құзыреттерге ие мамандар даярлауға бағытталған. Оқу барысында студенттер бағдарламалау тілдерін, деректер қорын басқару жүйелерін, ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен қолдануды, робототехника және цифрлық технологиялар негіздерін меңгереді.
Бағдарлама түлектері білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында және ақпараттық технологиялар саласында кәсіби қызмет атқаруға қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.