enrukz
enrukz

Каспий жағасындағы №1 техникалық университетінен

жоғары білім алыңыз

Оқу үрдісі
қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде жүруі мүмкін

1976 жылдан бастап
Үздік әлемдік тәжірибе
және бай дәстүрлер

 

Yessenov University студенттері
бірінші курстан бастап инновациялар
мен зерттеу орталығының бір
бөлшегіне айналады

Өндіріс орындарында
технологияларды үйреніп,
ірі-ірі компанияларда
жұмыс істеу мүмкіндігі бар

Беделді
халықаралық диплом

Yessenov University түлектері –
халықаралық дәрежедегі таңдаулы
кәсіби мамандар

Магистратураның білім беру бағдарламаларының тізімі:

Yessenov University-ге қабылдау

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
 

25 қазан - 10 қараша

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеуге кіретіндер:
– Шет тілінен тест;
– Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
– Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

25 қазан -10 қараша
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады

Қабылдау емтиханы
 

19 қараша - 11 желтоқсан

Виртуалды қабылдау комиссиясы

Ауысу

Білім беру грантына және Yessenov University-ге түсуге арналған құжаттар тізімі

Жүктеу

Университетке құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсыну.

Қабылдау комиссиясының байланыстары

 

Қазақстан Республикасы,
Ақтау қ., 32 ш/а,
Бас ғимарат,
D219 кабинеті,

Байланыс телефоны:
+7 (7292) 788-788
+7 (7292) 788-512
+7 (702) 075 0010

Жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма с 09:00 до 18:00
сенбі, жексенбі – демалыс

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы (оқу мерзімі 2 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына түсуші үміткерлер ҮШ блоктан тұратын КТ тапсырады:

1 блок

«Шет тілі бойынша тест»
Тыңдау, лексика-грамматика, оқу секциялардан тұрады;

2 блок

«Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» сыни ойлау (қарапайым математика, ақпараттың әртүрлі формаларын түсіндіру), аналитикалық ойлау (академиялық және ғылыми-көпшілік мәтіндерді талдау, жасырын заңдылықтарды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау) секциялардан тұрады;

3 блок

«Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест»
Екі бейіндік пәннен тұрады

КТ шекті балы

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы (оқу мерзімі 2 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына ақылы бөлімге түсу үшін және грант конкурсына қатысу үшін КТ шекті балы:

кемінде 75 балл, оның ішінде:

«Шет тілі» блогі бойынша – 25 балдан кем емес;
«Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес;
«Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес.

Бейіндік бағыттағы (оқу мерзімі 1 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына түсуші үміткерлер ЕКІ блоктан тұратын КТ тапсырады:

1 блок
«Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест»

Cыни ойлау (қарапайым математика, ақпараттың әртүрлі формаларын түсіндіру), аналитикалық ойлау (академиялық және ғылыми-көпшілік мәтіндерді талдау, жасырын заңдылықтарды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау) секциялардан тұрады;

2 блок
«Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест»

Екі бейіндік пәннен тұрады

КТ шекті балы

Бейіндік бағыттағы (оқу мерзімі 1 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына ақылы бөлімге түсу үшін КТ шекті балы:

кемінде 50 балл, оның ішінде:

«Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес;
«Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес.

Егер ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламаларына түсетін үміткердің шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты (халықаралық стандарттарға сәйкес) болса, онда ол «Шет тілі» блогын тапсырудан босатылады.

Гранттар

  • Мемлекеттік гранттар
  • "Қазақстан халқына" қорының гранттары
  • "Тайбурул" қорының гранты
  • YESSENOV UNIVERSITY президентінің гранттары
  • YESSENOV UNIVERSITY пәндік олимпиадасының гранттары
  • Қаражанбасмұнай мекемесінің гранттары
  • "Шахмардан Есенов" қорының гранттары
  • "Алтын белгі" иегерлеріне 100% жеңілдік
  • Күміс және алтын алқа иелеріне әлеуметтік гранттар және жеңілдіктер
  • Академиалық үлгерімі жақсы студенттерге жеңілдіктер

Yessenov University сандармен

7224
cтуденттер
1903
грантта оқиды
 

150
серіктес компаниялар
110
халықаралық серіктес жоғары оқу орны
14
спорттық секция
14
студенттік клуб
5
Шығармашылық үйірме

150
орындық компьютерлік сыныптар
150
Wi-Fi желісінің нүктесі бар
3
оқу корпустары
400293
ғылыми-техникалық
кітапханадағы кітаптар саны
4
жатақхана ғимараттары
1840 орынға

Мұнай-газ және басқа да секторлардың компанияларымен тығыз байланыстардың, сондай-ақ Қазақстанның Каспий теңізі жағалауындағы үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде беделінің арқасында Yessenov University өз түлектері үшін кең жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашады.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі алғашқы 6 ай ішінде түлектердің 90% жұмысқа орналастырылды.

Біздің түлектер-өз ұрпақтарының көшбасшылары

Оқудан қол үзбей-ақ запастағы лейтенант атануға болады!

Yessenov University әскери кафедрасы күндізгі оқу нысанындағы 1-2 курс бакалавриат студенттерін, ҚР азаматтарын 27 жастан аспаған оқуға қабылдайды.

Әскери іс бойынша оқыту мемлекеттік сектор мен күш құрылымдарында мансапқа жетуге көмектеседі.