Академиялық дәреже: Тарих білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6В01601 – «Тарих».
Таңдау пәндері: Дүние жүзі тарихы/География.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Тарих» білім беру бағдарламасы тарихи процестерді терең түсінетін, тарихи деректерді талдай алатын және білім беру, ғылым мен мәдениет салаларында кәсіби қызмет атқара алатын мамандар даярлауға бағытталған. Оқу барысында студенттер Қазақстан тарихын, дүниежүзі тарихын, тарихнаманы, деректануды, археологияны және тарихи зерттеу әдістерін меңгереді.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.