Академиялық дәреже: Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6B04201 – «Құқықтану».
Таңдау пәндері: Дүние жүзі тарихы / Құқық негіздері.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Құқықтану» білім беру бағдарламасы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам жағдайында кәсіби қызмет атқара алатын білікті заңгерлерді даярлауға бағытталған. Бағдарлама барысында студенттер конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбек және халықаралық құқық салаларын меңгереді, құқық қолдану тәжірибесі мен заңнамалық қызмет негіздерін үйренеді.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.