Академиялық дәреже: Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6B07111 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары».
Таңдау пәндері: Математика / Физика.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы көлік жүйелерін, көлік техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Бағдарлама барысында студенттер заманауи көлік технологияларын, көлік құралдарының құрылымын, техникалық диагностика мен пайдалану әдістерін меңгереді.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.