Академиялық дәреже: Метрология, стандарттау және сертификаттау білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6B07502 – «Метрология, стандарттау және сертификаттау».
Таңдау пәндері: Математика / Физика.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Метрология, стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы өнімнің, қызметтердің және өндірістік процестердің сапасын қамтамасыз ету саласында білікті мамандар даярлауға бағытталған. Бағдарлама аясында студенттер өлшеу құралдарын қолдану және тексеру, стандарттарды әзірлеу және енгізу, өнімдердің сәйкестігін бағалау және сертификаттау жүйелерін ұйымдастыру бойынша кәсіби білім алады.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.