Академиялық дәреже: Құрылыстағы BIM технологиялары білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6B07305 – «Құрылыстағы BIM технологиялары».
Таңдау пәндері: Математика / Физика.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Құрылыстағы BIM технологиялары» білім беру бағдарламасы құрылыс саласындағы цифрлық технологияларды, ақпараттық модельдеуді және заманауи жобалау әдістерін меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер құрылыс объектілерін жобалау, ақпараттық модельдер құру, құрылыс процестерін басқару және BIM технологияларын қолдану арқылы тиімді инженерлік шешімдер әзірлеу дағдыларын игереді.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.