Академиялық дәреже: Көлік бизнесі және логистика білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6B11302 – «Көлік бизнесі және логистика».
Таңдау пәндері: Математика / Физика.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Көлік бизнесі және логистика» білім беру бағдарламасы көлік және логистика саласында материалдық, ақпараттық және қаржылық ағындарды тиімді басқаруға қабілетті мамандар даярлауға бағытталған. Бағдарлама аясында студенттер логистикалық жүйелерді жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау әдістерін меңгереді, сондай-ақ халықаралық тасымалдау, қойма логистикасы және жеткізу тізбектерін басқару салаларында кәсіби білім алады.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.