Академиялық дәреже: Математика білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6B01501 – «Математика».
Таңдау пәндері: Математика / Физика.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Математика» білім беру бағдарламасы математикалық білімнің іргелі негіздерін меңгерген, заманауи білім беру технологияларын қолдана алатын және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға қабілетті мамандар даярлауға бағытталған. Оқу барысында студенттер математикалық талдау, алгебра, геометрия, ықтималдықтар теориясы, математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар салаларында терең білім алады.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.