Академиялық дәреже: Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр.
Білім беру бағдарламасы: 6В07208 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау».
Таңдау пәндері: Математика/Физика.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл.

Біліктілік
Оқу ұзақтығы
Оқу басталу уақыты
Бағдарлама коды
Оқу форматы
Жауапты кафедра
Орналасуы
Шекті балл
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» білім беру бағдарламасы жер қойнауын зерттеу, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау саласында білікті мамандар даярлауға бағытталған. Бағдарлама барысында студенттер геологиялық зерттеу әдістерін, минералдық ресурстарды бағалау тәсілдерін, геологиялық карталау және кен орындарын барлау технологияларын меңгереді.
Талапкерлер Yessenov University-ге ресми qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Өтініш қабылдау мерзімі
2026–2027 оқу жылына өтініштерді қабылдау мерзімі университеттің қабылдау комиссиясы бекіткен күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Талапкерлер qabyldau порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Yessenov University-де оқу ақысының мөлшері білім беру бағдарламасына және оқу деңгейіне байланысты анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы университеттің ресми ережелеріне сәйкес бекітіледі және оқу жылына қарай жаңартылуы мүмкін. Нақты оқу ақысы туралы ақпарат admission порталында және университеттің ресми сайтында жарияланады.