«Шет тілі бойынша тест»
Тыңдау, лексика-грамматика, оқу секциялардан тұрады;
«Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» сыни ойлау (қарапайым математика, ақпараттың әртүрлі формаларын түсіндіру), аналитикалық ойлау (академиялық және ғылыми-көпшілік мәтіндерді талдау, жасырын заңдылықтарды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау) секциялардан тұрады;
«Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест»
Екі бейіндік пәннен тұрады
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы (оқу мерзімі 2 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына ақылы бөлімге түсу үшін және грант конкурсына қатысу үшін КТ шекті балы:
кемінде 75 балл, оның ішінде:
«Шет тілі» блогі бойынша – 25 балдан кем емес;
«Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес;
«Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес.
Екі бейіндік пәннен тұрады
Бейіндік бағыттағы (оқу мерзімі 1 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына ақылы бөлімге түсу үшін КТ шекті балы:
кемінде 30 балл, оның ішінде:
«Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес.
Мұнай-газ және басқа да секторлардың компанияларымен тығыз байланыстардың, сондай-ақ Қазақстанның Каспий теңізі жағалауындағы үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде беделінің арқасында Yessenov University өз түлектері үшін кең жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашады.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі алғашқы 6 ай ішінде түлектердің 90% жұмысқа орналастырылды.
Оқудан қол үзбей-ақ запастағы лейтенант атануға болады!
Yessenov University әскери кафедрасы күндізгі оқу нысанындағы 1-2 курс бакалавриат студенттерін, ҚР азаматтарын 27 жастан аспаған оқуға қабылдайды.
Әскери іс бойынша оқыту мемлекеттік сектор мен күш құрылымдарында мансапқа жетуге көмектеседі.