Шекті балл ҰБТ: 50
Таңдау пәндері: Математика/Физика
Жеке тұлғалар үшін оқу ақысы: 570000 теңге
Заңды тұлғалар үшін оқу ақысы: 1060000 теңге
Мамандандырулар: 6В07208-Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау
6В07210-Мұнай-газ инжинирингі
Оқу аяқталғаннан кейін сіз жұмыс істей аласыз:
өндірістік технологиялық қызметте-мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаумен, мұнай өнімдерін және газды өндірумен, кәсіпшілікте және зауытта дайындаумен, тасымалдаумен және сақтаумен тікелей айналысатын мекемелерде;
өндірістік басқару қызметте-белгілі дәрежеде өндірістік тәжірибе жинақтағаннан кейін мұнай өндірісінің мекемелерінде, компанияларында және ұжымдарында;
жобалау-конструкторлық қызметте-мұнай және газды өндіруге, дайындауға тасымалдауға және сақтауға арналған жабдықтар мен технологиялық үрдістерді жобалаумен айналысатын жобалау конструкторлық институттарда, бюроларда және ұжымдарда;
ғылыми-зерттеу қызметте-қабаттарды және ұңғымаларды, флюидтердің физика-химиялық қасиеттерін, айдалатын және сақталатын сұйықтар мен газдарды зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу институттарында және зертханаларында.