rukz
rukz

6В07307-Кадастр

Шекті балл ҰБТ: 50

Таңдау пәндері: Математика/ География

Жеке тұлғалар үшін оқу ақысы: 570000 теңге

Заңды тұлғалар үшін оқу ақысы: 1060000 теңге

Мамандандырулар: 6В07307-Кадастр

Оқу аяқталғаннан кейін сіз жұмыс істей аласыз:

Білім алушылар жер қатынастарын реттеу, жерді пайдалану және қорғау, жер ресурстарын бағалау, аумақты табиғи ландшафттарды жақсарту салалары бойынша білім алып шығады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын реттеудің нормативтік-құқықтық базасын, жерге орналастыру және кадастр жұмысын басқару мәселелерін, мемлекеттік жер кадастрының теориялық негіздерін, жерді кадастрлық бағалаудың нормативтік-құқықтық негіздерін, сонымен қатар нарық жағдайында кадастрлық қызметті басқарудың ерекшеліктерін зерттейді.

Жерге орналастыру жұмыстарының көлемі мен персонал балансын құру, жер мен жылжымайтын мүлікті пайдалануды бақылау, жер ресурстары жүйесін құрылымдау, цифрлық кадастрлық жоспарлар мен карталарды құру және жаңарту бағдарламаларында жұмыс істеу дағдыларын алып шығады. Жер кадастры мәселелерін шешу үшін, олар ГИС технологияларын қолдануды, кадастрлық және жерге орналастыру мәселелерін шешу үшін, спутниктік түсірілім деректерін өңдеуді және талдауды үйренеді.

Түлектер әртүрлі мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда жерге орналастырушы және кадастр мамандары, жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі инженерлер, жер қатынастары бөлімшелерінің мамандары ретінде қызмет істеп, құрылыс жобаларын да басқарады.