rukz
rukz

6B07116-Технологиялық процессті басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Шекті балл ҰБТ: 50

Таңдау пәндері:Математика/Физика 

Жеке тұлғалар үшін оқу ақысы:570000 тенге

Заңды тұлғалар үшін оқу ақысы: 1060000 тенге

Мамандандырулар: 6B07116 Технологиялық процессті басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Бітірушілердің академиялық дәрежесі — техника және технологиялар бакалавры.

Студенттер осы мамандықта оқу барысында автоматтандыру саласындағы қабілеттілік пен әдіс-тәсілдерді, құралдарды қолдануға және дағдылануға, өндірістің барлық салаларын басқарудағы ақпарат өңдеулерінің амалдары мен тәсілдерін қолданумен байланысты техникалық жүйелердегі қоғамдық қызмет салаларына есептеуіш техниканы енгізу мен басқаруда терең білім алады.

Мамандандыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру;

Технологиялық үрдістер мен өндірістерді автоматтандыру.

Бітірушілердің мамандық бойынша кәсіби қызмет нысандары мыналар:

Әртүрлі өндірістегі технологиялық үрдістермен басқарудың автоматтандыру жүйесі;

Әртүрлі тағайындаудағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі;

Әртүрлі тағайындаудағы қабылдау, өңдеу және тасымалдаудың автоматтандырылған жүйесі;

Жүйелерді, объектілерді, құрылғыларды жобалаудың автоматтандырылған жүйесі;

Әртүрлі өндірістердегі өндірістің технологиялық дайындығын автоматтандыру жүйесі;

Өндірістің әртүрлі салаларындағы құрылғылардың, тораптың бөлшектерін, өнімдерін кешенді сынақтан өткізудің автоматтандырылған жүйесі.