Магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыру қажет:

  • Магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырады– шет тілінен   (ағылшын, неміс, француз тілдері)  және білім беру бағдарламаларының  бейіндік пәндерінен тест тапсырады;
  • Ағылшын тілінде  білім алатын  магистратура бөлімі үшін- кешенді тест тапсырады.  Білім беру бағдарламаларының  бейіндік пәндерінен ағылшын тілінде және қазақ немесе орыс тілінен (таңдау арқылы) тест тапсырады;
  1. 1.     Шет тілдерінің бірін таңдайды: ағылшын, неміс, француз тілдері (ҰТО өткізіледі). Шетел тілінен (ағылшын, неміс, француз тілдері)  емтихан ҚР Білім және Ғылым Минстрлігі Ұлттық тестілеу орталығының технологияларына сәйкес тест түрінде алдын ала белгіленген күні тапсырады.
Тест 3 бөлімнен тұрады:
  • Тыңдалым
  • Лексика-грамматикалық тест
  • Оқылым

Тілдік сертификаттар: шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратурадағы шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – шекті балл – кемінде 138 баллов),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test  (TOEFL IBT), шекті балл – кемінде 60 баллов,
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT) шекті балл – кемінде 498,
Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT) – шекті балл – кемінде 47),
International English Language Tests System  (IELTS), шекті балл – кемінде 6.0;
Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/уровень В2), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/уровень В2);
Француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI) оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF), деңгей B2), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF), деңгей C1), Test de connaissance du franзais (TCF) – шекті балл – кемінде 400 балл.

деңгейі бар азаматтар магистратурадағы шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады

Емтихандардың өткізілу мерзімі:

Шет тілі мен мамандық бойынша түсу емтихандары және кешенді тестілеу осы  жылдың 1-15 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратураға қабылдау емтихан қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

КТ нәтижелері бойынша кемінде 75 балл болуы керек, оның ішінде:

  • шет тілінен тест-25 балдан кем емес
  • оқуға дайындығын анықтау тестісі-кемінде 7 балл
  • мамандық бойынша тест: бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл
  • бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау тестісі-7 балдан кем емес болуы қажет.

КТ нәтижелері бойынша ағылшын тілінде оқытатын бейіндік магистратураға оқуға-25 балдан кем емес болуы тиіс. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері) бойынша тест тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға 50 балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл есептеледі. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен магистранттармен оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл жұмыс істейтіндігі туралы шарт жасалады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840