Қабылдау шарттары

Бакалавриат бағдарламасына құжаттарды қабылдау талапкердің өтініші бойынша конкурс негізінде сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады:
1. ағымдағы жылдың түлектері үшін – бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша (ҰБТ);
2. колледж түлектері үшін, сонымен қатар өткен жылдың түлектері үшін – ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша (ҰБТ);

Назар аударыңыздар! Оқуға түсуге шекті ұпай – 50 ұпай (әр пәннен кемінде 5 ұпай), педагогикалық мамандықтарға – 70 ұпай.

Оқуға қабылдануға қажетті құжаттар тізімі.

Білім беру грантына ие болу үшін және ақылы оқу бөліміне конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. Бекітілген үлгі бланкісінде өтініш ( ЖК толтырылады);
  2. Жеке басын куәландыратын құжат және оның көшірмесі (2 данадан көшірме);
  3. Жалпы орта білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (бастауыш және орта кәсіби, содан кейін орта) немесе жоғары білімі туралы (аттестат/диплом қосымшасымен);
  4. 6 фотосурет ( 3х4 өлшемде);
  5. 086-У үлгідегі медициналық анықтама (флюорографиямен);
  6. 063 үлгідегі екпе картасы;
  7. Бірыңғай Ұлттық Тестілеу сертификаты – ҰБТ түпнұсқада;
  8. Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғанын растайтын құжат;
  9. Әскери тіркеу куәлігінің көшірмесі.
Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту үшін қажетті құжаттардың тізімі:
  1. Бекітілген үлгі бланкісінде өтініш ( ЖК толтырылады);
  2. Жеке басын куәландыратын құжат және оның көшірмесі;
  3. Жалпы орта білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (бастауыш және орта кәсіби, содан кейін орта) немесе жоғары білімі туралы (аттестат/диплом қосымшасымен);
  4. 6 фотосурет ( 3х4 өлшемде);
  5. 086-У үлгідегі медициналық анықтама (флюорографиямен);
  6. 063 үлгідегі екпе картасы;
  7. Бірыңғай ұлттық  тестілеуді өту ақысын төлегені туралы түбіртек.
  • 10-нан 25 тамызға дейін – Yessenov University  студенттері қатарына алу;
  • 20-нан 24 қаңтарға дейін – шартты түрде қабылданған студенттер үшін ҰБТ қайта тапсыру.
*НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Ақпаратты нақтылап отыруларыңызды сұраймыз, өзгерістер болуы мүмкін.
Байланыс ақпараты

130003,Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Актау қаласы, 32 шағын аудан
+7 (7292) 78-87-88
+7 (7292) 42-57-18

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840