Магистратура – жоғары білімнің бакалавриат деңгейінен  кейін  тереңдетілген кәсіптік мамандық беретін бағдарлама. Магистратурада білім алу 1 жыл, 1,5 жыл, 2 жыл. Білім алушы магистратурада бұрын алған мамандығын жалғастыра алады немесе басқа жаңа бағытты таңдап, екінші мамандық алады. Магистратураны аяқтаған түлектерге академиялық дәреже және  жоғары білім дипломы беріледі. Магистратура дипломы докторантурада ғылыми жұмыспен айналысуға немесе алған мамандық бойынша қызмет жолын бастауға мүмкіндік береді.

Магистр дәрежесі кәсіби және қызмет жолында үлкен мүмкіндіктер береді. Бакалавр дәрежесімен салыстырғанда жақсы жалақысы бар, тиімді жұмысқа орналасады.

Магистратурада оқу формасы:

Yessenov University магистратурасында мемлекеттік білім гранттары (тапсырыс) және төлемақы негізінде білім беру жүзеге асырылады.

Магистратура бағдарламасындағы оқу бағыттары:

Магистратурада кадрларды дайындау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • Бейіндік бағыт бойынша оқу мерзімі –  1-1,5 жыл.
  • Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840