Sorry, this entry is only available in Қаз and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

Мансап жасауға ұмтылған кез-келген мақсатты және өршіл адам үнемі дамып, білімін жетілдіріп отырады. MBA/EMBA бағдарламасы мансаптық тез көтерілуге және білімге салынған инвестицияның жылдам қайтарылуына қызығушылық танытқандар үшін қолайлы. Көбінесе бұл бағытты компания басшылары мен жеке кәсіп иелері, өршіл орта және аға менеджерлер таңдайды.

MBA/EMBA – менеджмент саласындағы жоғары кәсіби менеджмент саласындағы  білімін толықтыратын, бүкіл әлемге танымал білім беру бағдарламасы.

Білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіби менеджерлерді, аға менеджерлерді даярлау.

 Бағдарламаның ерекшеліктері

  • Тәжірибеге бағытталған жаттығулар (мастер-кластар, маман-практиктерді шақыртумен өткізілетін дәрістер);
  • Заманауи нарық талаптарына және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін білім беру бағдарламасының инновациялық курстары: «Қолданбалы ұйымдастырушылық тәртіп», «Басқарушылық маркетинг», «Халықаралық бизнес»;
  • Негізгі құзіреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін оқытудың интерактивті әдістерін (интерактивті дәрістер, жарнамалық бейнелер, кейстер, рөлдік және іскери ойындар, презентациялар, бизнес-жобалар) қолдану;
  • Оқу процесінде компьютерлік технологияны қолдану;
  • Практикалық тапсырмаларды орындау барысында студенттердің шығармашылық ойлауын қалыптастыру және дамыту, пресс-конференциялар, презентациялар, бизнес жобалар және т.б.;
  • МВА бағдарламасының жоғары біліктілігі мен кәсіби біліктілігі бар бітірушілерге сұранысы, жұмысқа орналасудың жоғары пайызы;
  • Ғылыми мансап пен бизнес құрылымындағы жұмысты ұштастыру.

МВА/ЕМВА бағдарламасы түлектерінің құзыреті келесі білім мен дағдылармен анықталады:

  1. қазіргі нарықтық ортадағы ұйым қызметінің стратегиялық ұстанымынан бизнесті басқарудың мәні;
  2. ұйымдардың құрылымы, олардың мүдделі тараптармен (стейкхолдерлермен) өзара іс-қимыл жасау тетіктері, ұзақ мерзімді перспективада сыртқы контекст жағдайында жұмыс істеу қағидаттары;
  3. стратегиялық басқарудағы көшбасшылық тұжырымдамасы;
  4. қазіргі заманғы басқару тәсілдерін;
  5. менеджменттің аналитикалық әдістері, проблемаларды диагностикалау, талдау және шешу әдістері, сондай-ақ шешімдерді қабылдау және оларды практикада іске асыру әдістері;
  6. бизнесті жаһандандырудың мәні;
  7. бизнестің проблемалық аспектілерін талдау және шешімдер жасау;
  8. сыртқы ортаның әсерін анықтау және оны басқарудың практикалық мәселелерін шешу кезінде ескеру;
  9. теорияны, заманауи зерттеулер мен практика талаптарын білуіне сүйене отырып, менеджменттің түрлі функционалдық аспектілерін біріктіру;
  10. компанияны басқару мәселелерін шешуге маркетингтік және қаржылық тәсілді қолдану;
  11. халықаралық ортада бәсекелестік тұрғысынан бизнесті жүргізу және оларды басқару проблемаларын қарау.

«Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі келесі позицияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді:

  • Орта және жоғары буын менеджері, оның ішінде ұлттық және халықаралық компаниялардың топ-менеджері;
  • Ірі және орта компаниялардағы бизнес-сараптамашы;
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының менеджері;
  • ЖОО мен колледждерде оқытушы қызметінде.

Бітірушілер бағдарламаны аяқтағаннан кейін «Іскерлік Әкімшілік магистрі» дәрежесін алады және философия докторы (PhD) немесе «Іскерлік әкімшілік» (DBA) бейіні бойынша доктор дәрежесін ала алатын докторантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар. Бұл маманның ғылыми-зерттеу, жобалау-экономикалық, талдау, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық қызмет саласында табысты мансаптық ілгерілеуіне ықпал ететін болады.

Қысқаша ақпарат

Мамандық коды: 7М04104-Іскерлік әкімшілік

Академиялық дәрежесі: Іскерлік әкімшілік магистрі

Оқу түрі: күндізгі өндірістен қол үзбей

Оқу мерзімі:
МВА – 2 жыл;
ЕМВА – 1 жыл.

Оқу құны:
МВА – 1 500 000/2 оқу жылы;
ЕМВА – 2 000 000/1 оқу жылы.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840