Берілетін дәреже: «6В01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Бейіні  бойынша  пәндері:  Биология,  География.

Оқу түрі және оқу ұзақтығы:

  • күндізгі(мектептен кейін) – 4 жыл
  • орта кәсіптік білім базасында қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша қысқартылған білім бағдарламасы – 3 жыл
  • жоғары білім негізінде қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша қысқартылған білім бағдарламасы – 2 жыл

Мамандықтың сипаттамасы: 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы университеттің миссиясы мен саясатын және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған: түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардың жастарына бір шаңырақ астында терең тарихи құндылықтарға және демократиялық, зайырлы қоғам негіздеріне сүйене отырып, заман талаптарын қанағаттандыратын деңгейде білім беріп, оларды Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілігі қалыптасқан, ұлттық және рухани құндылықтарға берік, адам құқықтарын құрметтейтін, төзімділік, достық, ынтымақтастық маңызын түсінетін, өмір бойы білім алатын, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыру.

Оқытудың артықшылықтары: 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының академиялық құндылығы жеке пайымдауы мен ғылыми қызығушылығы бар мамандарды дайындауға бағытталуымен ерекшеленеді. Осы мақсатта білім беру бағдарламасына ғылыми және әдістемелік бағыт-бағдарын таңдауға мүмкіндік беретін таңдау пәндері және де екі жеке білім траекториясы енгізілген. Олар:

  1. Шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімі (Тіл теориясы модулі: Теориялық грамматика, Теориялық фонетика, Лексикология); (Тіл мәдениеті модулі: Ағылшын тілін оқыту әдістемесі, Мәдениетаралық қатынасқа кіріспе, Стилистика).
  2. Коррекциялық білім беру (Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу және түзету жұмыстары модулі: Коррекциялық психология, Денсаулық психологиясы, Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу); (Психологиялық-педагогикалық түзетудің диагностикасы және технологиялары модулі: Денсаулықты сақтау педагогикалық технологиялары, Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы, Психологиялық-педагогикалық түзету қызметінің технологиясы).

Бұл студенттердің білім беру саласында жұмыс жасау барысында қажет етілетін кәсіби дағдылардың нық қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқытудың заманауи технологиялары: Болашақ мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуге жағдай жасауға арналған, мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы мынадай модульдерді қамтиды:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
  2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
  3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Қалыптасқан дағдылардың жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келуі: «6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы оқытудың нәтижелеріне бағытталып дайындалды. Оқу нәтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі негізінде анықталып, құзыреттер арқылы көрсетілді. Мамандықтың арнайы құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің, профессор-оқытушылар құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталды.

Бакалавриат деңгейінде халықаралық алмасу бағдарламалары, төмендегідей ЖОО-мен келісімшарттар жасалған: Варна менеджмент университеті (Болгария, Варна қаласы). Мичиган мемлекеттік университеті (АҚШ).

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бакалаврының кәсіби қызмет саласы: білім беру мекемелерін қамтиды (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім беру департаменттері).

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840