Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Білім беру талаптары:білім беру мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады. PhD докторантураға оқуға  тапсыратын тұлғаларға қойылатын талаптар: «Магистр» академиялық дәрежесі және 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Оқуға түсу емтихандары

Докторантураға түсушілер төмендегідей емтихандар тапсырады:

  • шетел тілінен тест тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі  (ағылшын, француз, неміс тілі)
  • Мамандық бойынша емтихан тапсырады
  • ағылшын тілінен:      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – 460 балдан кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, ең төменгі балл – 87 –ден кем емес), (TOEFL ең төменгі – 560 балдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, ең төменгі балл – 6.0 –ден кем емес);
  • неміс тілінен: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ деңгей С1), TestDaF-Prufung (Niveau С1/ деңгей С1);француз тілінен: Test de Franзais International™ (TFI – B1деңгейінен төмен емес, оқылым және аудирования), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, В2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, С1 деңгей), Test de connaissance du franзais (TCF – 400 балдан кем емес).

Докторантураға түсу емтихандарын университет оқытушыларының арасынан емтихан комиссиялары қабылдайды. Сонымен бірге, үміткер докторантураның білім беру бағдарламалары тобына түсу емтиханын ол кіретін жоғары оқу орнында ғана тапсырады. Оқуға түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.

Апелляция

Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссияның төрағасына докторантураға түскен адам береді. Емтихан материалдарының мазмұнына және техникалық себептерге байланысты өтініштер қабылдау емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

Апелляциялық комиссия әр адаммен жеке жұмыс істейді. Егер адам апелляциялық комиссияның отырысына келмесе, оның шағым беру туралы өтініші қаралмайды. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде өтініш берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Апелляциялық комиссиялардың шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссиялардың жұмысы комиссия төрағасы мен барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамада ресімделеді.

Докторантураға оқуға қабылдау жалпы еуропалық құзіреттіліктерге (стандарттарға) сәйкес шет тілін білуін растайтын халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады және оқу докторлық бағдарламалары тобының профиліне түсу емтиханының нәтижесінде және мүмкін 100 балдан кем дегенде 50 балл жинады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840