ЕМВА/МВА бағдарламасы бойынша оқуға түсуші үміткерлерде болуы керек:

Жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан кем емес (қабылдау комиссиясы еңбек өтілі 2-жылдан аз үміткерлерді де қарастыруға құқылы), ЕМВА бағдарламасына  басқармалық  еңбек тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы  керек (қабылдау комисссиясы еңбек тәжірибесі 5 жылдан аз үміткерлерді де қарауға құқылы)

Жоғарғы білімі жөніндегі немесе Бакалавр дипломының болуы (немесе оның эквиваленті).

Шетелдік білім беру ұйымдарынан білім құжаттарын алған тұлғалар білім беру деңгейіне және оқу профиліне сәйкес оқу құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

ЕMBA және МВА бағдарламасына оқуға түсуші тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясына келесі  құжаттарды тапсырады:

  1. Ұйым басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
  2. Жоғары білім туралы немесе бакалавр дипломы (түпнұсқа);
  3. Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
  4. Мамандарды есепке алу бойынша жеке іс парақшасы (түпнұсқа) және еңбек өтілін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе еңбек өтілін растайтын жұмыс орнынан  берілетін анықтама;
  5. Фотосурет 6 дана 3х4;
  6. № 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама, №907 бұйрықпен бекітілген;
  7. IELTS, TOEFL сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда);

Ұсынылған құжаттар  тізімі бойынша  барлығы түгел болуы керек,  қандай да бір құжат жетіспеген  жағдайда, құжаттар қабылданбайды.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840