2020-2021 оқу жылына Ш.Есенов атындағы КМТИУ (Yessenov University)

ЕМВА/МВА білім беру бағдарламасына қабылдау ережесі

2019-2020 оқу жылына  Ш.Есенов атындағы КМТИУ ЕМВА/МВА білім беру бағдарламасына қабылдаудың осы Ережесі (одан әрі қарай ереже) Қазақстан Республикасының  «Білім беру жөніндегі» Заңы мен Білім және Ғылым  министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрық талаптарына сәйкес әзірленді.

  1. Ш.Есенов атындағы КМТИУ (әрі қарай Yessenov University) Қазақстан Республикасының азаматттары мен жоғарғы білім/ жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген  шет ел азаматтары қабылданады.
  2. Yessenov University-дің ЕМВА/МВА оқуға тек ақылы түрде оқитын контингенттер ғана қабылданады.
  3. Yessenov University ЕМВА/МВА бағдарламасына оқуға түсу үшін емтихан кезеңдерін жүргізуден бастап, оқуға түскенге дейін және  бір үздіксіз бағдарламаны аяқтағанға дейін,  бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес  Қабылдау комиссиясы, университет ректорының бұйрығымен  бекітілген қабылдау және  апелляциялық комиссиялар құрылады.
  4. Мамандық бойынша немесе тиісті мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы   Yessenov University әкімшілігінің  шешімімен сәйкес мамандық бойынша  докторлық дәрежесі немесе  ғылым кандидаты атағы  бар және   (PhD) философия доктор  ғылыми дәрежесі бар  тұлғалардан құрылады.   Аппеляциялық  комиссия құрамына  төраға мен  екіден  кем емес  комиссия мүшелері кіреді.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840