ЕМВА/МВА-ға түсуші және түсу емтихандарын тапсыруға жіберілген үміткерлер емтихандарды үш кезеңде тапсырады:

бірінші кезеңде ағылшын тілі деңгейін анықтау бойынша жазбаша түрде тест тапсыру;

екінші кезеңде ағылшын тілінде логикалық/сараптамалық ойлау және басқарушылық дағдыларын қарау бойынша эссе жазу;

үшінші кезеңде емтихан комиссиясымен кәсіби тәжірибе мен магистратура деңгейінде оқу қабілетін растау үшін ауызша әңгімелесу.

Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

Түсу емтиханының нәтижесімен келіспеген оқуға түсуші емтихан материалдарының мазмұны бойынша және/немесе техникалық себептер бойынша апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ге дейінгі мерзімде жазбаша апелляциялық өтініш бере алады.

Апелляциялық өтінішті университеттің апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды. Комиссия жеке тәртіппен апелляциялық өтініш берген әрбір тұлғамен жұмыс істейді. Апелляциялық өтініш берген тұлға комиссия өтінішті қараған кезде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Өтініш берген тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840