Академиялық дәреже7М01701– «Қазақ тілі мен әдебиеті»  (педагогика ғылымдарының магистрі) (2 жыл)

7М01701– «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығы бойынша білім магистрі (1,5 және1жыл)

 

Бейіні бойынша пәндері:

Оқу түрі және оқу ұзақтығы: 2 жыл,1,5 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. 7М01701– «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары рухани және өнегелі қасиет иесі болатын тұлғаның дамуында перспективаларын ескере отырып еліміздің бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, өзіндік ойлау қабілетті және қоғамның прогрессивті техникалық, ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрларды дамытуға және даярлауға бағытталған. Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікке қалыптастыру, дүниетаным және ғылыми ойлауы аясында жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарға баулу маңызды басымдық болып табылады.

Оқытудың артықшылықтары.  7М01701– «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының міндетті және кәсіби бағытталған компоненттерін меңгеру барысында білім алушылар:

  • педагогикалық және тәрбие қызметтерін жүзеге асырып, соның ішінде қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды меңгереді;
  • тіл білімі мен әдебиеттану саласы бойынша таңдалынған бағытта ғылыми зерттеулерді жүргізеді;
  • ғылыми зерттеулерді жобалау, нәтижелерін енгізу және әрі қарай жалғастырудың барлық кезеңдеріне қатысады;
  • өзінің еңбегін және өз бетінше оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ғылыми негізде тиімді пайдаланады.

 

Оқытудың заманауи технологиялары: сын тұрғысынан ойлау, интерактивті оқыту, командалық жұмыс, кейс орындау, мультимедиялық сабақтар, жобалар қорғау, бағдарламалық оқыту, электронды оқулықтар қолдану, презентациялар жасау т.б.

Қалыптасқан дағдылардың жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келуі. Білім беру бағдарламасының арнайы орта және жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу  орталықтары үшін жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау, ғылыми-педагогикалық міндеттер мен мәселелерді шығармашылықпен шеше алатын жаңа формациядағы білікті маманды, ғалым-педагогты қалыптастыру мақсаты жұмыс берушілердің талаптарына толық сәйкес келеді.

 

Магистратура деңгейінде халықаралық алмасу бағдарламалары, төмендегідей жоо-лармен келісімшарттар жасалған:

1.Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті,14.05.2018

2.Баку мемлекеттік университеті,11.05.2018

3.Әжнияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық университеті,2018

4.А.Мицкеевич атындағы Познань университеті,18.05.2018

5.М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті,15.02.2016

6.Газиантеп университеті,Туркия.2017ж

7.Ататүрік университеті,Түркия,2019ж

8.Анкара университеті,Түркия,11.10.2018

9.Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі,09.04.2018

 

«7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқыған түлектер төмендегідей компанияларда жұмыс істейді:

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары, жоғары оқу орындары;
  • ғылым ұйымдары: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу және әдістеме орталықтары;
  • мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мекемелерінде, басқару ұйымдары: басқарудың мемлекеттік органдары, білім беру департаменттері, онамастика бөлімдерінде;
  • ғылыми басылымдар редакцияларында ғылыми редактор, баспа орындарында редактор ретінде жұмыс істей алады.

 

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840