Академиялық дәреже: 8D02303 – Филология бойынша философия докторы (PhD)

Бейіні бойынша пәндері:

Оқу түрі және оқу ұзақтығы:

күндізгі (магистратурадан кейін) – 3 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. Докторантура  даярлайтын жоғары оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы, Ұлттық біліктілік шеңберінің деңгейлері (докторантура), педагогтің кәсіби стандарты, Дублин дескрипторларының деңгейлері (докторантура) негізінде және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген білім беру бағдарламаларын дайындайды.

Оқытудың артықшылықтары. Оқу үдерісін  оқу-әдістемелік және ақпараттық  қамтамасыз ету  докторанттардың  8D02303 – Филология білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік береді; Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, электронды деректер қорларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізуге мүмкіндік беріледі; Кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіледі.

Оқытудың заманауи технологиялары.  сын тұрғысынан ойлау интерактивті оқыту, командалық жұмыс, кейс орындау, мультимедиялық сабақтар, жобалар қорғау, бағдарламалық оқыту, электронды оқулықтар қолдану, презентациялар жасау т.б

Қалыптасқан дағдылардың жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келуі. ЖОО-да, орта кәсіптік оқу орындарындарында педагогикалық қызмет; Ғылыми-зерттеу институттарында тіл білімі және әдебиеттану салалары бойынша ғылыми қызмет атқарады.

 Докторантура деңгейінде халықаралық алмасу бағдарламалары, төмендегідей жоо-лармен келісімшарттар жасалған: –

1.Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті,14.05.2018

2.Баку мемлекеттік университеті,11.05.2018

3.Әжнияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық университеті,2018

4.А.Мицкевич атындағы Познань университеті,18.05.2018

5.М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті,15.02.2016

6.Газиантеп университеті,Түркия.2017ж

7.Ататүрік университеті,Түркия,2019ж

8.Анкара университеті,Түркия,11.10.2018

«8D02303 – Филология» мамандығында оқыған түлектер төмендегідей компанияларда жұмыс істейді:

жоғары оқу орындары;

ғылыми-зерттеу институттары;

басқару органдары;

орта кәсіптік оқу орындары (колледждер);

білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер (арнаулы орта, жоғары оқу орындары);

ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау комиссиясы:

Ақтау қаласы, 32 ш/а,

Есенов университеті, 1 қабат, A1-02

kense@yu.edu.kz

Yu_admission

+7 (7292) 78-87-88

+77783601849

+77783602137

+77783828840